Өскемен саяжайларын маньяк торуылдап жүр – фейк
Фото: depositphotos.com
Өскемен қаласындағы саяжайларды маньяк торуылдап жүргендігі жайлы жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде қала саяжайларын маньяк торуылдап жүргендігі жайлы ақпарат тарап кетті. Онда «Соңғы күндері бірнеше адамның денесі табылды. Олардың барлығы – әйелдер» деп жазылған.
Мұндай ақпараттың тарап кетуіне Өскемендегі саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылғаны себеп болып отыр.
– Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Халыққа бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғандығын ескертеміз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер! – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.
Оқи отырыңыз
Жалған ақпарат таратқандарға жаза қатаң – ШҚО ПДӨскеменде төбелескен қыздарға қатысты жалған ақпарат тарағанКүршімнің жері туралы ресми ақпарат: Аудан әкімі не дейді? (ВИДЕО)Семейдегі өрт Шүлбі ГЭС-іне жақындағаны рас па?Интернет өшірілмейді: ҚР ІІМ желіде тараған хабарламаға қатысты түсініктеме берді