Аймақ басшысы Марқакөл ауданының әкімін тағайындады
Бүгін аймақ басшысы жұмыс сапары аясында Марқакөл ауданының жаңа әкімін көпшілікке таныстырды. Бұл лауазымға осыған дейін Марқакөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып, аудан әкімінің міндетін орындаушы болған Рүстембек Кемешев тағайындалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Айта кету керек, Рүстембек Кемешев 2019 жылдан бері Марқакөл ауылында жұмыс істеп келеді, ал 2020 жылы пандемияның қиын кезеңінде ауылдық округ әкімінің міндетін атқарған болатын. 2023 жылы осы қызметке ресми түрде кірісті. Сондықтан ол қайта құрылған ауданның жағдайынан жақсы хабардар. Ол аудан тұрғындарының мәселелерін, талап-тілектерін біледі, ауданның даму перспективаларын және осал тұстарын жақсы түсінеді. Ең бастысы, Марқакөл ауданының өмірін жақсартуға дайын екені байқалады.
Қайта құрылған аудан әкімінің міндетін атқарған кезде Рүстембек Кемешев өз жұмысына бейжай қарамайтын басшы ретінде көзге түсті, әсіресе қыста және су тасқыны кезінде, аудан ауылдарының «үлкен жермен» байланысы бірнеше рет үзіліп қалған сәттерде белсенді болды. Бұл тұрғындардың да көңілінен шығып, олар әкімнің ауданның дамуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатқанын түсінді. Марқакөл ауданының мүмкіндіктері зор, әсіресе туризм саласында.
Рүстембек Кемешев – Шығыс Қазақстан облысының тумасы, еңбек жолын бастағаннан бері өңірден кетпеген.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев оның өзіне жүктелген істерді абыроймен атқарып, қойылған барлық міндеттерді орындайтынына сенім білдірді.