KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 3,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Денсаулық сақтау саласы жаңартуды қажет етеді

Фото: depositphotos.com

23.09.2024, 15:41 35 Айна Ескенқызы

Еліміздің денсаулық сақтау саласы жаңартуды қажет етеді.  Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, бір ақпараттық жүйе құрып,  жаңа  бірыңғай мемлекеттік медициналық көмек пакетін ұсыну қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм»  атты Жолдауында айтты.

Биыл республиканың денсаулық сақтау жүйесіне бюджеттен 3,3 трлн теңге бөлінді. Шығыс Қазақстанда бұл саланы қаржыландыру көлемі жыл сайын өсуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

­– Денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру шығындарын қаржыландырады, оның ішінде медициналық жабдықтарды сатып алуға 3,2 миллиард теңге, аурухана ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізуге 2,2 миллиард теңге, вакциналар мен сирек кездесетін ауруларды емдеуге қажетті орфандық дәрілік препараттарды сатып алуға 300 миллион теңге бағытталды. Сондай-ақ халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және АИТВ-ның алдын алуға, тергеу изоляторлары мен пенитенциарлық жүйе мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуге, балалар үйін ұстауға, медициналық кадрларды шетелде, медициналық колледжде және резидентурада оқытуға айтарлықтай қаражат жұмсалды. Бірақ Жолдауда  қазір шешілуге тиіс мәселелер туралы ашық айтылды және біз мұны бірінші кезекте шешуіміз керек, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев Президент Жолдауына түсініктеме бере отырып. 

Мысалы, Президент денсаулық сақтау саласына құйылып отырған осыншама қаржының қайтарымы әлі де күмән тудырып отырғанын айтты. Медициналық сақтандыру жүйесі қатысушыларының міндеттемелері арасындағы ала-құлалық әртүрлі бұрмалауларға әкеп соқты. Көбінесе пациенттерді мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы алуға немесе  бірнеше ай бойы кезек  күтуге мәжбүрлейді.

– Шығыс Қазақстан дәрігерлері Президенттің базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру жөніндегі бастамаларын толық қолдайды, ондаған шашыраңқы бағдарламалар мен дерекқорлардың орнына меншік нысанына қарамастан мемлекеттік тапсырыс алатын барлық денсаулық сақтау ұйымдары үшін деректердің түпкілікті бақылауы мен объективтілігін қамтамасыз етуге қабілетті бір мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе жұмыс істейтін болады. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мүмкіндіктері, әсіресе облыстың медициналық ұйымдары инвестициялар орнына барабар тарифтерді алған кезде даму үшін үлкен перспективалар ашылады, – деп есептейді Төлеген Хайруллаұлы.

Өңірде білікті медициналық кадрлардың тапшылығы проблемасын бірнеше жыл ішінде шешу жоспарлануда. Мысалы, биыл денсаулық сақтау саласына медициналық жоғары оқу орындарының 50 түлегі мен резиденті келеді. Сонымен қатар ШҚО денсаулық сақтау басқармасы ағымдағы жылы резидентурада оқуға 118 квотаға өтінім берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив