KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Жылыту жүйесі мен электр желілеріндегі ақаулықтарды жою - басты назарда

1.10.2024, 18:23 113 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 3101 жеке тұрғын үй тіркелді. Оның ішінде Глубокое ауданына – 887, Алтай ауданына – 330, Катонқарағай ауданына – 303 үй тиесілі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алдағы уақытта 3101 тұрғын үйдің 946-на арнайы датчиктер қойылмақ. Ал қалған 2155 үйде мұндай құрылғы бұрыннан жұмыс істеп тұр.

– Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйлерін аралап, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталу барысын тексердік. Нәтижесінде 1379 үйде жылыту жүйесі мен электр желілеріндегі ақаулықтар анықталды. Үй иелеріне бұл кемшіліктерді жою үшін арнайы нұсқаулықтар берілді, – деді Нұржан Өміржанов.


Ажар Сағатпекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив