KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 6 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Сугатовкалықтар күнбағыс оруды аяқтап қалды – ШҚО

Бүгін, 16:30 2 Ержан Әбіш

Шемонаиха ауданындағы Сугатовка ауылының тірлігі осындағы «Суготовское» серіктестігімен тығыз байланысты. Биыл ауыл тұрғындарының көңілі тоқ. Олардың тұрақты жұмыс орнына айналған бұл шаруашылық егін орағы науқанын табысты аяқтамақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әзірге шемонаихалық диқандар 38 мың гектар аумақтан күнбағыс орып алған. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Махмутовтың айтуынша, биыл күнбағыстың жалпы түсімі 76,6 мың тонна болады деп күтілуде.

– Қолайлы ауа райында ауданның шаруалары күніне шамамен екі мың гектардан астық жинайды. Алдағы уақытта олар 15 мың гектардан күнбағыс жинау керек. Күнбағыс жинаудың болжамды жинау мерзімі – 10-15 күн, яғни 20 қазанға дейін, – деді Руслан Махмутов.

Бүгінде «Сугатовское» ЖШС-нің диқаншылары күнбағыс алқабының 80 пайызынан егінді орып, астық қамбасына тасымалдап қойған. Осы жұмыстарды дер кезінде аяқтау үшін жүзге жуық диқаншы мен 10 комбайн жұмылдырылған.

–  Күнбағысты тазалап, кептіріп, кейін аудандағы «Востоксельхозпродукт» ЖШС-не өткіземіз. Біз жылдар бойы бұл кәсіпорынмен жемісті еңбек етіп келеміз, – деді «Сугатовское» ЖШС директорының орынбасары Әнуарбек Қажақанов.

 Ажар Мұратқызы

Фото: Данияр Сағидолдин

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив