KZ
Өскемен
+2°
туман жел 2 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Облыс су айдындарына күзгі балық жіберу жұмыстары жүргізілуде

Фото: gubkin.city

17.10.2024, 15:59 8 Төлеуғазы Жансая

Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл шаралар жануарлар дүниесін пайдаланушылардың балық шаруашылығын дамыту жоспары шеңберіндегі шарттық міндеттемелерін орындау, ұйымдар мен кәсіпорындардың келтірілген зиянды өтеу жөніндегі өтемдік шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында қолға алынып отыр.

Негізінен, балық жіберу сазан, тұқы, ақ амур және ақсаха (пайда, көкшұбар) сияқты бағалы балық түрлерін қамтиды.

Бюджет қаражаты есебінен жасанды балық жіберу әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатты жақсарту және саланы дамыту жоспарын жүзеге асыруға ықпал ететін әдістердің бірі ретінде қарастырылуда.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап облыс су қоймаларына күзгі балық жіберу жұмыстары басталып, бүгінгі күні 29,7 миллион данадан астам балық шабақтары мен личинкалары жіберілді.

Бұл шара, ең алдымен, балықтың тұрақты популяциясын қалыптастыруға және Ертіс бассейнінің экожүйесін тұрақтандыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта балық ресурстарын сақтау және молайту мақсатында балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жұмыстары жалғасуда.

Балық жіберу бойынша қорытындылар ағымдағы жылдың қараша айының соңында есептелетін болады. 


ШҚО табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды

реттеу басқармасы

басшысы 

М.Кусаинов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив