KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-ның су қоймаларына балық жіберіле бастады

23.05.2018, 05:40 258

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Өскемен су қоймасына рипустың шабақтары жіберілген болатын.


Жыл көлемінде аймақтың өзендеріне, су қоймалары мен көлдеріне үш миллионға жуық тұщы су фаунасының өкілдерін жіберу жоспарланып отыр.


-2018 жылдың бірінші тоқсанында Өскемен су қоймасын балықтандыру жұмыстары жүргізіліп қойды, - деді ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Санақбек Кітапбаев. - «ШығысУниверсал» ЖШС мамандары суға миллион рипус шабағын жіберді.


Бір жылдың ішінде атқарушы органдар балық ресурстарының жаңартылуына 8 миллион теңге жұмсамақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив