KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Қылмыстың ең ауыры – адам өлтіру

30.10.2024, 16:52 35 Төлеуғазы Жансая

Адам өлтіру – қылмыстың ең ауыр түрі. Бұл қылмысқа байланысты тек кінәлі адам ғана емес, оның отбасы мен қайтыс болған адамның жақындары да ауыр қайғы-қасіретке ұшырайды. Сондықтан қандай жағдай болмасын, қызбалыққа салынбай, сабыр сақтап, әр әрекетке ойланып бару қажет.

Қазақстан заңдары адам өлтіргендерге қатаң жаза қарастырады. Кінәлі адам сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Жазаның қатаңдығы қылмыстың жасалу мән-жайына қарай өзгереді. Мысалы:

  • Екі немесе одан да көп адамды өлтіргенде,
  • Аса қатігездікпен немесе басқа адамдардың өміріне қауіп төндіретін тәсілмен жасалғанда,
  • Пайдакүнемдік, қанды кек немесе ұлтаралық араздық ниетімен жасалғанда,
  • Жәбірленушінің ағзаларын алу мақсатында жасалғанда,
  • Жас балаға, жүкті әйелге немесе дәрменсіз адамға қастандық жасалғанда.

Бұл жағдайларда кінәлі адам он бес жылдан жиырма жылға дейін, кейде тіпті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Балаларға қастандық – ерекше жаза талап етеді

Жас балаға қастандық жасаған адам ең қатаң жазаға лайық. Мұндай қылмыс үшін заңда өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Адам өлтіру – орны толмас қайғы, ауыр қылмыс. Сондықтан, адамдарды ашуға салынудан сақ болуға, жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге шақыруымыз керек.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған

тергеу соты әкімшісінің

бас маманы

Айжан Кусаинова 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу