ШҚО әкімі Өскемендегі жолдар мен тротуарларды қардан тазартуды тапсырды
Фото: Аяужан Утеулинова
Облыстағы аудан-қала әкімдерімен өткізген кеңес барысында аймақ басшысы Ермек Көшербаев өңірдің елді мекендеріндегі жолдар мен тротуарлардың жағдайын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Altaіnews.kz тілшісі.
Облыс тұрғындарының әлеуметтік желілердегі жарияланымдарына сілтеме жасай отырып, өңір басшысы әкімдерге сын-ескертпелер айтты:
Аймақ басшысы өңірдегі елді мекендердің сыртқы келбетін де сынға алды. Қараусыз қалған ғимараттар, шұңқырлар, іргетастардың қалдықтары балаларға қауіп төндіреді және тұрғындардың наразылығын тудырады. Ұлан ауданының әкіміне қарата сөйлеген сөзінде:
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыс әкімдігінің отырысында өңір басшысы Өскемен қаласында жол белгілері мен жарықтандырудың жоқтығын сынға алған болатын.