KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2,5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Күршім ауданында жаңа өндіріс орны жұмысын бастамақ

14.11.2024, 18:30 120 Гульжан Мусина

 

Алтын өндірумен айналысатын «ГРК «ВИЗОЛ» ЖШС 1996 жылдан бері келісімшарт негізінде Абай ауылдық округінің Қойтас елді мекенінде алтын өндіру құқығына ие. Бүгінгі таңда жұмысын жандандырып жатқан компания өңірге қосымша инвесторларды да тартуда. Күршім аудандық әкімдігі кәсіпорынның қызметі туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

–    «ГРК «ВИЗОЛ» ЖШС барлық салалық министрліктен, салалық департаменттерден заңға сәйкес құжаттамалары бар кәсіпорын.  Компанияға берілген жалпы жер көлемі 7550  гектарды құрайды. Қазіргі таңда компания өзіне ұсынылған аудандарда технологиялық, қосалқы жабдықтарды орналастыру және оны монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруда, –  деді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Әлбеков. 

Аталмыш компания алтын өндірудің толық цикліне әлі кіріспеді. Алтын іздеушілік, тау-кен барлау бағытындағы кез келген жаңа жобаға елең етіп, ерекше назарда ұстауды әдетке айналдырған жұртшылыққа әкімдік тарапынан кәсіпорын қызметіне қатысты құқық қорғау органдары арнайы тексеріс жүргізіп, ешқандай заң  бұзушылық анықтамағандығы туралы жеткізілді.

Айта кету керек, бұл өңірде шетелдік азаматтарға жер берілмеген және берілмейді де. Бірақ, аудан әкімінің айтуынша, компания жұмысын жүргізу барысында Қытайдың білікті салалық эксперт мамандары кеңес беруші ретінде жұмысқа тартылуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу