Министр Нысанбаев: «Маралдыдағы фабрика жұмысы экологиялық заңнамаға сай
Фото: Аяужан Утеулинова
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Алтай ауданының халқымен кездескенде Күршім ауданы, Маралды ауылындағы алтын өндіру фабрикасының жұмысына қатысты сұрақ қойылды, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Компания құрылыс-монтаждау жұмыстарын рұқсат етілген экологиялық талаптарға сай жүргізіп жатыр.
Рұқсат берілген кезде қоршаған ортаны қорғау талаптарына ерекше көңіл бөлінген. Бірінші - шаң-тозаң мен газдан қорғайтын қондырғы, екінші - тазартудың мембраналық жүйесін қолдану. Экологиялық заңнама бойынша жобада ешқандай кінәрат жоқ, барлығы талапқа сай, - деп түсіндірді Ерлан Нысанбаев.
Жалпы алтын фабрикасын салудың жергілікті тұрғындар үшін тұрақты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау сияқты тиімді жақтары көп екенін айта кеткен жөн. Мәселен, кәсіпорында болашақта 300-ге тарта жұмыс орны ашылады.
Оқи отырыңыз
Маралдыдағы алтын өндіру фабрикасына қатысты профессор Дәулет Асанов пікір білдірдіВице-министрлер Маралды ауылының тұрғындарымен кездестіМаралдыдағы фабриканың құрылысы заңға сай жүргізіліп жатырМаралдыдағы алтын зауыты: сауал экология министріне қойылдыМаралдыдағы фабрикаға қатысты шешім заңнама аясында қабылданады