KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 6 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Қол ұстасайық, достар

Бүгін, 09:30 34 Гульжан Мусина

Шемонаиха қаласындағы аудандық балалар кітапханасында толеранттылық тақырыбына қызықты әрі танымдық сабақ өтті.  Шара  Н.Островский атындағы № 1 көпсалалы орта мектебінің кітапханашысымен бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.


Кітапханашылар жас оқырмандар үшін «комплименттер», «өзіңді мақта» сияқты бірқатар қызықты жаттығулар ұйымдастырды. Бұл тәжірибе балалардың өзін-өзі танып білуіне, жеке басының тұлға болып қалыптасуына көмектесері сөзсіз. 


Жасөспірімдер әртүрлі жағдайларда қалай әрекет ететіндері туралы ойларымен бөлісті. Балалар бір-біріне қалай мейірімділік пен қолдау көрсетуге болатынын талқылай отырып, күнделікті өмірінден толеранттылық мысалдарын келтірді. Қатысушылар арасында  «Біз әртүрліміз бе?» атты психологиялық сауалнама жүргізілді. Бұл - бір-бірімізге қалай ұқсайтынымызды және қалай ерекшеленетінімізді түсінудің тамаша тәсілі.


Іс-шара аясында ұйымдастырылған бейбітшілік, келісім және достық тақырыптарына арналған кітап көрмесі балалардың назарынан тыс қалмады. 

- Сабақ пайдалы болып қана қоймай, балаларды одан әрі дамытуға және өзін-өзі тануға шабыттандырды, олардың жүректерінде жақсылыққа деген үміт қалдырды, - дейді ұйымдастырушылар.


Айна Ескенқызы


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу