KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да учаскелік полиция қызметкерлері марапатталды (видео)

Бүгін, 13:55 81 Гульжан Мусина

Ұлан ауданындағы полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Өтеулин мен жүргізуші Алтынбек Мязев тұтас бір отбасыны ажалдан арашалап қалды. Сын сағатта кәсіби шеберліктерін көрсеткен екі қызметкерді Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Ерлан Омарбеков марапаттады, деп хабарлайды  Altainews.kz  тілшісі.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан аймақ басшысы Ермек Көшербаев өңірдегі барша учаскелік полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында заң мен тәртіпті жеке тармақпен атап өтті. Біздің алдымызда құқықтық заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету және заңға қайшы әрекеттердің алдын алу міндеті тұр, – деді Ермек Көшербаев. 

Естеріңізге сала кетейік, Қасым Қайсенов кентінде полиция қызметкерлері «Учаске» іс-шарасы барысында үйлерді аралау жүргізген кезде, көк түтін басқан үйден көшеге жүгіріп шығып көмек сұраған қызды кездестірген. Оқиға орнына жедел жеткен Бақытжан Өтеулин мен Алтынбек Мязев әйел адамды балаларымен далаға шығарған. Осыдан кейін олар мұржа бітелуі себебін және пештің дұрыс істемеуіне не әсер еткенін анықтап, ықтимал өрттің алдын алу арқылы мәселені шешкен.

- Біз бірден әрекет етіп, отбасын қауіпсіз жерге шығарып, түтіннің шығу жолын жойдық. Ең бастысы-қайғылы жағдайды болдырмай, уақытында үлгердік, – деп атап өтті полиция капитаны Бақытжан Өтеулин.

Ажар Сағатбекова

Фото: Нелли Петенева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу