KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Жетім көрсең жебей жүр

Фото: pexels.com

7.12.2024, 14:15 38 Гульжан Мусина

Бала асырап алу жөніндегі ұлттық агенттік – «Ана үйі» қоғамдық қорының мақсаты – баланы асырап алушы, қабылдаушы отбасыларды кәсіби даярлау, сүйемелдеу және бала асырап алу мәдениетін дамыту.

Қазақстанның 18 қаласында «Ана үйінің» кеңес беру кабинеттері жұмыс істеп жатыр. Қор мамандары өз отбасыларына балалар үйлері мен жетімдер үйлерінен бала алғысы келетін азаматтарға (отбасыларға) консультациялық көмек көрсетеді.

ҚР бойынша барлық аймақтарда  ҚР Білім және ғылым  министрлігінің қолдауымен «Ана үйi» қоғамдық қоры жанынан  «Бала асырап алуға қолдау көрсету орталығы» ашылып, жұмыс атқаруда.  «Ана үйі» қоғамдық қоры Қазақстандық кәсіпкерлердің бастамасымен құрылған қайырымдылықты жүзеге асыратын бірегей жоба.

«Бала асырап алуға қолдау көрсету» орталығының негізгі мақсаты - балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларды асырап алуға ниетті отбасыларға көмек көрсету болып табылады.  Баланы асырап алуға дайындық кезеңінде, бастапқы және баланың отбасында бейімделуі барысында асырап алушылар отбасына  психологиялық, консультациялық және құжаттар топтамасы барысында құқықтық қолдау көрсетіледі.

Бүгінгі күні қор мамандары бала асырап алуға үмітті отбасыларға ақпараттық-консултациялық көмек берумен қатар «Асырап алушы ата-аналар мектебінде» дайындық жұмыстарын жүргізеді.

Психологтар қабылдаушы ата-аналар мектептерінде әлеуетті асырап алушыларды даярлайды. Онда асырап алған баламен байланыс орнату, бүкіл отбасының жаңа өзгерістерге бейімделуі және басқа да түрлі кеңестер алады. Осындай жауапты қадамға бел буған азаматтардың барлығы қабылдаушы ата-аналар мектебінен өтуі қажет.

Бүгінде Қазақстанның 18 қаласында 21 «Аналар үйі» ресурстық орталығы бар. «Аналар үйі» 10 жылда 6 695 бала отбасы табуға көмектесті. Сонымен қатар қор 2 048 әйелді жұмысқа орналастыруға көмектескен, 1 075 әйел кәсіптік білім алды. 802 әйелге медициналық көмек берілді. 1 823 әйелдің  құжаты  қалпына келтірілді. 10 жылда балалар үйіндегі бала саны 73%-ке азайды.

«Аналар үйі» — баланы өз отбасында қалдыруға, жетімдіктің алдын алуға және жаңа туған балалары бар, дағдарыс жағдайындағы жүкті әйелдерді қолдауға бағытталған қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жобасы. Енді меценаттар  қайырымдылық шарасын кеңейтіп, жобаны халықаралық деңгейде жалғастырады.

«Аналар үйі» жобасы 2013 жылы құрылды. Көпжылдық тәжірибеге сүйене отырып, жоба Mother’s Home International Foundation (MHIF) брендімен халықаралық деңгейге шығады. Осы мақсатта биыл Өзбекстан мен Малайзияда MHIF «Аналар үйін» ашу жоспарланып отыр. Украинада «Аналар үйі» (Будинок мами) ашылды.

- «Аналар үйі» жобасының арқасында Қазақстанда алты мыңнан аса баланы жетімдіктен аман алып қалдық. Елде көптеген балалар үйі жабылды. Бұған қол жеткізу үшін кәсіпкерлер жобаға 10 жыл ішінде шамамен 16 млн АҚШ долларын құйды. Балалар жетімдер үйіне түспес үшін ауқымды кеңейтіп жатырмыз. Сол үшін MHIF жобасын іске қостық, – деді MHIF қорының құрылтайшысы Айдын Рахымбаев.

Бұл мектепті құрудағы мақсат – ата-аналарды балалар үйінен баланы алуға даярлау, барлық қажетті ақпаратты беру, дағдыларды үйрету, маңызды сұрақтарға жауап табуға көмектесу, өздерінің мүмкіндіктері мен шектеулерін түсіну, қабылдаушы ата-ана болуға даярлау.

Мектептен өту барысында үміткерлер баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы түсінік алады, қабылдаушы ата-ана ретінде өздерінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін түсінеді, отбасына қандай баланы қабылдай алатынын және қандай қабылдау түрі қолайлы екенін ұғады.

MHIF қорының құрылтайшысы Арсен Томский алдағы екі жылда 10-ға жуық «Аналар үйі» ашылатынын айтты.

- 2025 жылға дейін жылына үш-төрт «Аналар үйін» ашып отырамыз деп ойлаймын. Нақты қай елде, қай қалада болатыны туралы тізім алдағы уақытта нақтыланады. Әзірге ата-анасы жоқ бала саны көп елдер бойынша зерттеу жүргізіп жатырмыз. Меніңше тізімде Колумбия сияқты шалғай жатқан елдер де болады, — дейді ол.

Балаларды орналастыру саласында кешенді тәсіл өте маңызды. Үміткерді оқытып қана қоймай, оған ілеспе көмек көрсетіледі. Сондықтан біздің жұмысымыздағы міндетті бағыт – қабылдаушы отбасына ілеспе көмек көрсету. Жұмыс тәжірибесінен білетініміз, бала отбасына келгеннен кейін ең қиын кезең – жаңа ортаға, отбасына бейімделу. Осы уақытта психолог пен әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның отбасына кәсіби ілеспе қолдау көрсетуі өте маңызды.

Ілеспе көмек көрсетудің әртүрлі формалары бар - бұл отбасына бару, мамандармен кездесу, психологиялық кеңес беру және тағы басқа. Ілеспе көмек баланы қайтарудың алдын алу шарасы ретінде қажет.

- Қазақстан халқының саны өсіп жатыр. Логикаға салсақ, жетім саны да өсуі керек. Бірақ жобамыздың елдегі ата-анасы жоқ бала санын азайтуға үлес қосып жатқанына қуаныштымыз. Жобаны енді бастап жатқаны Қазақстанда небәрі 14-15 миллион адам болды. Ал жетімдер үйінде 11 мың бала бар еді. Қазір халық саны — 20 миллион, балалар үйінде тек 4800-ге жуық бала бар.  Қазір Қазақстанда асырап алушылар арасында сегіз жасқа дейінгі балалар жетіспейді (дефицит). Мұндай нәрсе тарихта болмаған. Осы уақытқа дейін түрлі сала бойынша өзге елдің тәжірибесіне сүйеніп жүрдік. Ал дәл осы жетім бала санын азайту бағытындағы әлеуметтік жобамыз керісінше халықаралық жобаға айналып отыр. Өзге елдер біздің тәжірибемізге сүйеніп мәселені шешуге ықылас білдіріп жатыр, — дейді Айдын Рахымбаев.

Айдын Рахымбаевтың айтуынша, жобаны қазір Қазақстанның 20 меценаты жүзеге асырып жатыр. Кәсіпкерлер жоба аясында жетім балаларды емдеуге де ақша бөледі. Бүгінде 186 бала емделіп шыққан. 2022 жылдың  мамыр айынан бастап қанатқақты жоба іске қосылды.

Қанатқақты жоба – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі және даму ерекшеліктері бар балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауды жоспарлап отырған ел азаматтарын ынталандыруға және қолдауға бағытталған. 

Қоғамдық қор қабылдағаннан кейін балаларды оңалтушы дәрігерлердің тексеруінен өтуді ұйымдастырып, балалардың медициналық оңалтудан және педагогикалық түзетуден өтуі үшін төлем жүргізеді. Қажет болса балалардың операциясын да төлейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу