KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

2024 жылы қазақстандықтарға қандай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылды?

primeminister.kz

5.12.2024, 15:00 72 Төлеуғазы Жансая

2024 жылы Қазақстанда әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған маңызды бастамалар жүзеге асырылды. Бұл шаралар ел азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартып, ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі primeminister.kz сілтеме жасап.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • Зейнетақы төлемдері: базалық зейнетақы 7%-ға, ынтымақты зейнетақы 9%-ға индекстелді. Нәтижесінде 2,4 млн зейнеткердің зейнетақысы өсті.
  • Орташа зейнетақы көлемі 165 мың теңгеден асты.
  • Ең төменгі жалақы: 85 мың теңгеге дейін ұлғайтылды, бұл 1,8 млн адамның табысын арттыруға мүмкіндік берді.
  • Азаматтық қызметшілердің жалақысы: 600 мың қызметкердің жалақысы кезең-кезеңімен 20%-ға көбейтілуде.

 

Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау

  • 845 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 401 мыңнан астамы – жастар.
  • 9 мың азамат (мүгедектігі бар жандар және ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары) бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін грант алды.
  • Цифрлық отбасы картасы арқылы 8430 мың адам мемлекеттік қызметтермен қамтылды.

Инвестициялық жобалар: Жалпы құны 33 трлн теңге болатын 755 жоба жүзеге асырылуда, бұл 150 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді.
Инновациялық навигатор: Жобаларды үйлестіру, сапасын бақылау және тиімділігін талдау үшін арнайы жүйе әзірленді.
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап интернет-платформаларда жұмыс істейтін азаматтар әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілді.

«Яндекс.Такси» пилоттық жобасы: 36 мыңнан астам жүргізуші жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жалпы кіріс көлемі 47,5 млрд теңгені құрады.
Білім беру мен денсаулық сақтау салаларының сапасын арттыру бағытында реформалар жалғасып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік бюджеттің 52,8%-ы әлеуметтік салаға бағытталғаны осының айқын дәлелі.

2024 жыл ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадамдармен есте қалады. Бұл бастамалар әділетті және тұрақты қоғам құру жолында маңызды рөл атқаруда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу