Чемпионат Шығыста жалғасуда
Шайбалы хоккейден 2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Республика чемпионаты жалғасуда,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Астананың қос командасы бастап, Қарағанды, Алматы, Өскемен қалаларының жасөспірім хоккейшілері көрігін қыздырған байрақты бәсеке бүгін Өскемен қаласында жалғасуда.
Желтоқсан айының 14-15 күндері өскемендік жас хоккейшілер қарағандылық қос командамен тартысты ойын өткізбек.
Қорытындысы сәуірде шығатын бұл чемпионаттың аяқталуына дейін жерлестерімізді әлі біраз сынақтар күтіп тұрғаны белгілі.
Өткен жылғы дәл осы чемпионаттың ІІІ жүлдегері атанған жерлестерімізге биыл чемпион атаныңдар деп тілек білдірмекпіз!