KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Өскеменде ауған және Чернобыль ардагерлеріне арналған Ашық есік күндері өтеді

6.12.2024, 17:45 117 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысы әкімі тапсырмасын орындау мақсатында, соғыс ардагерлері, мүгедектер және оларға теңестірілген тұлғаларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Өскемен қаласындағы медициналық ұйымдарда Ашық есік күндерін өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының шешімі бойынша Ашық есік күндері мына мекемелерде өтеді:

2024 жылдың 9 желтоқсанында сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін ШҚО облыстық ауруханасында, мекенжайы: Әуезов даңғылы, 26.
Қабылдайтын мамандар: невролог, офтальмолог, хирург, кардиохирург, травматолог.

2024 жылдың 10 желтоқсанында сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасында, мекенжайы: Шәкәрім көшесі, 149.
Қабылдайтын мамандар: кардиолог, пульмонолог, ревматолог, аллерголог.

2024 жылдың 12 желтоқсанында сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін ШҚО мамандандырылған медициналық орталығында (бұрынғы №1 қалалық аурухана), мекенжайы: Абай даңғылы, 18.
Қабылдайтын мамандар: уролог, нейрохирург, нефролог, эндокринолог. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу