KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 6 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

ШҚО-дағы ЖИТС орталығында ашық есік күні өтеді

Фото: kmklinik.com

28.02.2024, 22:12 117

ШҚО ЖИТС-тың (СПИД) алдын алу және оған қарсы күрес орталығында ашық есік күні өтеді.
Ашық есік күні 1 наурыз күні сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

-    Барлық ниет білдірушілер орталық мамандарынан АИТВ (ВИЧ) мәселелері бойынша кеңес ала алады, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусына тегін тестілеуден өте алады. Өскемен қаласы, Буров көшесі, 21/1 мекенжайы бойынша хабарласуға болады, – деп хабарлады ШҚО ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ кеңесті 26-32-17 телефоны арқылы алуға болады.

                                                                   Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив