Шығыс Қазақстан облысында қатты аяз күтілуде
Pexels.com
"Қазгидромет" мәліметінше, ШҚО-да ауа температурасы 9 желтоқсанда түнде -13-23°C, күндіз -9-20°C, ал 10 желтоқсан күні түнде -22-30°C дейін күрт төмендейді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қар, бұрқасын, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
ШҚО ТЖД ескертеді:
- Елді мекендерден шықпаңыз.
- Қажет болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз.
- Далаға шықсаңыз, жылы және қалың киініңіз.
- Пешті ұзақ қыздырмаңыз (1,5 сағаттан аспау қажет).
- Электр жылытқыштарын қолданғанда өрт қауіпсіздігіне назар аударыңыз.
- Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД
Оқи отырыңыз