Ермек Көшербаев полигон туралы: ШҚО үшін қалдық пен қоқысты өртеу тәсілімен жою жарамайды (Видео)
Шығыс Қазақстанның орталығы үшін тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс атаулыны өртеу арқылы жою тәсілі жарамсыз. Себебі географиялық орналасуы мен қолайсыз метеожағдайдың (желсіз, тымық күндер) жиі орын алуы атмосфераға шығындылар түрінде қосымша салмақ түсірмеуі тиіс. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен жыл қорытындысына арналған брифинг барысында Ермек Көшербаев хабарлады.
- Біздің тарапымыздан қатты-тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс шығару жұмыстарын сұраныс пен талап бойынша ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Полигон бүгінде қоқысқа толы. Бұл мәселе бойынша бір емес бірнеше инвесторлар тартылып, қоқысты қайта өңдеумен айналысатын заманауи кәсіпорын салу бойынша жобалар қарастырылып, келіссөздер жүргізілуде. Ең бастысы, алдымен тұрғындармен ақылдасып, салынуы ықтимал нысанға орнын анықтауымыз керек. Әрине, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жергілікті әлеуметтік-экономикалық сала үшін ірі жоба болмақ. Бұл жаңа жұмыс орындары, қосымша инвестициялар, - деді аймақ басшысы өз сөзінде.
Оқи отырыңыз