Алтай ауданында «Жарық шағылыстыратын жапсырмалар – балалардың жолдағы қауіпсіздігі» челленджі ұйымдастырылды
Жол – жаяу жүргіншілер үшін ең қауіпті орындардың бірі. Мұнда ерекше сақтық және жол қозғалысы ережелерін сақтау аса маңызды. Жаяу жүргіншілер – жол қозғалысына қатысушылардың ең қорғалмаған тобы. Жол-көлік оқиғалары кезінде көбінесе жаяу жүргіншілер көлікпен соқтығысудан зардап шегеді, әсіресе түнгі уақытта.
Өкінішке орай, жол апаттарының құрбандары арасында балалар да кездеседі. Балалардың жолдағы қауіпсіздігі көбінесе ата-аналардың назарынан және олардың өз балаларына деген жауапкершілігінен тәуелді. Балаға жолда өзін ұстаудың қарапайым ережелерін үйрету, сондай-ақ оның киімінде жарық шағылыстыратын жапсырмалардың болуы – ата-аналардың басты міндеті. Алайда, өкінішке орай, барлық ата-аналар бұл міндетті орындай бермейді.
Түнгі уақытта жаяу жүргіншілердің көлік жүргізушілеріне көріну қашықтығы күндізгіге қарағанда едәуір төмен. Бірақ жарық шағылыстыратын жапсырмалар жаяу жүргіншілердің көрінуін айтарлықтай жақсартады. Мұндай элементтер жақын шамдармен қозғалған жүргізушінің де назарын аудартады.
Осы мақсатта Алтай ауданында жалпы білім беру мектептері арасында жарық шағылыстыратын жапсырмаларды насихаттайтын челлендж ұйымдастырылды.
Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскарова атап өткендей, жарық шағылыстыратын жапсырмалар балаларды күндіз де, түнде де жолда айқын көрінетін етеді. Бүгінгі күні көптеген балалар киімін өндірушілер қауіпсіздік талаптарына ерекше мән беріп, өз өнімдеріне жарық шағылыстыратын жапсырмалар енгізуде: курткадағы суреттер, кіріктірілген жолақтар және т.б. Егер балаңыздың киімінде мұндай элементтер болмаса, оларды сатып алуды ұмытпаңыз.
Мысалы, Алтай қаласындағы №6 орта мектепте ата-аналар 300-ден астам жарық шағылыстыратын жапсырмалар сатып алған.
№11 орта мектеп директоры Л.Б. Скрипник:
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыздар!
Дереккөз: Алтай ауданы әкімдігі