Өскемен гарнизонына қарасты 27943 әскери бөлімі балаларға қуаныш сыйлады
Жаңа жыл қарсаңында Өскемен гарнизонына қарасты 27943 әскери бөлімінің командирі балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды.
Игі дәстүрге айналған биылғы шараға әскери қызметшілердің 6-14 жас аралығындағы 70-ке жуық бала қатысты, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Биыл «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты шарада балалар жаңа жылдық ғажайыптар әлеміне саяхат жасап, әйгілі мультфильмдер мен ертегілердің кейіпкерлерімен кездесті. Шырша мерекесіне сиқыршылар, Алтын адам, Батыр, Алладин сияқты ертегілер әлемінің басқа да кейіпкерлері жиналды.
Берекені балалар асыға күткенін Аяз ата мен Ақшақарға соғылған қошеметтен көруге болады. Жиналған жұрт Ақшақармен бірге ән салып, би биледі. Ал Аяз ата көпшілікке сыйлықтарын таратып, базарлықтар үлестірді.