KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3,5 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Ұлттық ұлан сарбаздары қанша қылмысты ашты?

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
29.12.2023, 21:40 128 Мадина Амангелдіқызы

Қала көшелерінде келе жатсаңыз ақырын жүріп, анық басқан сарбаздарды көзіңіз шалатыны анық. Бір қарағанда босқа сандалып жүргендей көрінетін бұл бозбалалардың қоғамғы тигізіп жатқан пайдасы ұшан-теңіз.

 

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты сарбаздары биылғы бір жылда бес жүзге жуық тәртіпсіздіктің жолын кескен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

- Қазіргі таңда синтетикалық заттарды тасымалдаушылар көбейді. Сондықтан мерзімді әскери қызметшілер назарға іліккен әрбір адамды жіті бақылауға алады. Сондай-ақ олар қылмыстың ізін суытпай ашуда белсенділік танытады. Жауынгерлерге шексіз алғысын білдіріп, әскери бөлімге келетін қала тұрғындары жетерлік, -  дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Атабек Салықбаев.

 

Қоғам тыныштығын қас қақпай күзетіп, аптап ыстыққа, қақаған аязға қарамай көшедегі тәртіпті қадағалауға зор үлес қосып жүрген ұландықтар көмекке мұқтаж кез келген адамға қол ұшын созуға даяр тұрады.    

 

Ұлттық ұланның сарбаздары өңірдегі түзеу мекемелерін де күзетеді. Биыл жауынгерлер темір тордың ар жағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған жүзден астам күдіктінің жолын кесті.

 

Биыл өңірлік қолбасшылыққа шақыртылған Отан алдындағы борышын өтуге келген сарбаздардың сексенге жуығы келісімшарт бойынша қызметке тұрған. Еске салайық, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда он пайызға жоғары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив