Өскеменде 11 жастағы баланы көлік қағып кетті: баланың жағдайы ауыр
pixabay.com
24 шілде күні кешкі сағат 20:50-де Өскемен қаласының Тоғас көшесінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. «Lada Largus» көлігі жаяу жүргіншілерге арналған өткелде 11 жастағы баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталған көше Понтон көпірінен Ахмер мен Меновное ауылдарына бұрылатын негізгі жолдардың бірі болып саналады. Оқиға кезінде бала реттелмейтін өткелмен өтіп бара жатқан.
Жарақат алған жеткіншек шұғыл түрде облыстық Ана мен бала орталығына жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы ауыр – ашық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы және көптеген жарақат алған.
Жол апатының нақты себептері анықталу үстінде. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.
Төтенше жағдай мамандары мен полиция тұрғындарға жолда абай болуды, ал ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне баса мән беруді ескертеді. Өйткені жол үстіндегі бір сәттік қателік қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін.