KZ
Өскемен
снег жел 2 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

«Өскемен өнімі – 2025» дәстүрлі көрмесі өтеді

Фото: редакция архивінен

18.08.2025, 18:30 260 Арайлым Орсаринова

Өскемен қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 2025 жылғы 27 тамызда «Гостиный Двор» сауда кешенінде (Қазақстан көшесі, 159) жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен дәстүрлі «Өскемен өнімі» көрмесі өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл көрмеге қала кәсіпкерлері мен өңірдегі өнім өндірушілер қатысып, өз тауарларын ұсынады деп күтілуде.

– Көрмеге келушілерді жергілікті өндірушілердің табиғи және экологиялық таза өнімдері, қолөнер бұйымдары, ауыл шаруашылығы тауарлары мен халық шеберлерінің туындыларының кең таңдауы күтеді. Сонымен қатар, іс-шара аясында түрлі презентациялар, дәм татулар, шеберлік сабақтары және басқа да қызықты бағдарламалар өткізіледі, – деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігінің өкілдері.

Қала әкімдігі өкілдері Өскемен тұрғындары мен қала қонақтарын көрмеге отбасымен келіп, жылы әрі жайлы атмосферада демалуға, сондай-ақ отандық өнім өндірушілерді қолдауға шақырады. Кіру тегін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу