KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Өскемендік кәсіпкер өз ақшасына қазақ тілі курсын ашты

28.01.2019, 05:32 202


Өскемендік кәсіпкер өз ақшасына қазақ тілі курсын ашты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кәсіпкер Ярослав Кушнаревтың айтуынша, оның ашқан курстарындағы тіл үйренушілердің 70 пайызға жуығы орыс ұлтының өкілдері. Ал кәсіпкер азаматтың негізгі мамандығы дәрігер-стаматолог. Тіл үйренуге талабы болса да, тиімді курс таба алмағандықтан осындай қадамға барғанын айтады Ярослав.

– Жақында қазақ тілін үйренуге талпындым, бірақ тиімді тіл үйрету курстарын таба алмадым. Осы себепті оны өзім ашуды ұйғардым. Алдын ала әлеуметтік желіде сауалнама жүргіздім. Ұсынысымды құп алғандар қатары аз болмады. Барлығын есептеп, нақты қадам жасауға бел будым. Жоба құрып, оқытушы жалдадым. Жиһаз сатып алып, кеңсе тауарлары мен оқулықтар алдым. Осылайша жұмысты бастап кеттім. Оның үстіне жұмысқа қабылданған педагог маман университетте жұмыс істейді. Ол тіл үйірмелеріне арнап оқыту бағдарламаларының әдістемелеіктерін дайындайды екен, – дейді «Қазақ Зерде» ЖШС құрылтайшысы Ярослав Кушнарев.

«Базалық қазақ тілі 48 сағатта» курсы бұл күнде қызу жұмыс үстінде. Әзірге оған 15 адам қатысады. Әр топта 4-5 адамнан. Айтқанымыздай, олардың көпшілігі орыс ұлтының өкілдері. Тіл үйренушілердің жас мөлшері 27-ден 40-қа дейінгілер. Кәсіпкердің айтуынша, олардың көпшілігі өзі сияқты бизнес саласының өкілдері.

Бұдан басқа, мұнда оқушыларға арналған озық базалық қазақ тілі курсы да бар. Онда балалар қазақ тілінің қыр-сырына үйреніп, базалық біліммен қазақ тілді мектепке немесе сыныпқа ауысуға мүмкіндік алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив