KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, С
520.27 537.65 5.24

Глубокоеде бірнеше ауыл карантинге жабылуы мүмкін

18.11.2020, 17:09 225

Глубокое ауданында коронавирус инфекцияның таралуы күшейіп келеді. Аудандағы бірнеше елді мекен карантинге жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ауданының әкімі Тамара Рахымжанова тұрғындардың санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтауын сұрап, әлеуметтік желіге жазба жариялады.

– COVID-19 инфекция біздің ауданда үздіксіз таралып жатыр. Әртүрлі жастағы адамдар, еңбектеген баладан еңкейге қарттарға дейін, ауырып жатыр. Жағдайды тұрақтандыру үшін әрқайсымыз санитарлық нормалар мен ережелерді қатаң сақтауымыз қажет. Құрметті зейнеткерлер, аға буын өкілдері! Жасы үлкен адамдарға аурудың жұғу қаупі жоғары. Сондықтан аса бір қажет болмаған жағдайда үйде шықпаған абзал, – деп жазды Тамара Рахымжанова Instagram-да.

Аудан әкімінің айтуынша, ауру жұқтырғандар әсіресе Глубокое, Белоусовка кенттерінде, Прапорщиково, Опытное поле, Предгорное, Тарханка, Секисовка және Винное ауылдарында көп.

– Күн сайын 60 төсекті жұқпалы аурулар бөлімшесінің 30 пайызы бос емес. Глубокое ауданына кіріп-шығуды шектеу үшін екі санитарлық блок-бекет қойылды. Егер біз вирустың таралуын тежей алмасақ, кейбір елді мекендер жабылуы мүмкін, – деді аудан әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу