KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
477.62 527.67 5.25

Алкоголь өнімін сатуға лицензияны қалай алуға болады?

Фото: depositphotos.com

15.07.2024, 16:02 135 Ержан Әбіш

Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізуге лицензияны беру.

«Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру» (бұдан әрі – АӨСБС) өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz («Е-лицензиялау») арқылы жүзеге асырылады.

Қызмет көрсетушінің атауы

ҚР ҚМ МКК-нің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары.

Алымдарды есептеу мен төлеу тәртібі

Алымдар сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттарды бергенге немесе лицензияны алғанға дейін алымдарды төлеушінің тұрғылықты жері бойынша төленеді (105402 БСК).

АӨСБС лицензия беру үшін алынатын лицензиялық алымның мөлшерлемелері

АӨСБС лицензия беру үшін алымның мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемақы төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айқындалады және лицензияны беру кезінде мыналарды құрайды (2024 ж.):

-  астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (369 200 теңге);

- аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде – 70 АЕК (258 440 теңге);

- ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК (110 760 теңге).

АӨСБС лицензияны алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

- электрондық құжат нысанындағы өтініш;

- лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

- аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда – денсаулық сақтау ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыс жайлар, автожанармай құю бекетерінің, сауда базарларының, меншік құқығындағы, немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы мәдени-демалыс ұйымдарының аумақтарында және ғимараттан тыс орындарында орналасқан тұрақты тұрудан өзге мақсатарда пайдаланатын стационарлық үй жайлардыжалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының электрондық көшірмесі;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 30.01.2015 ж. №60 бұйрығына сәйкес электрондық құжат нысанда АӨСБС бойынша қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына берілетін мәліметтер нысаны.

 Төлемақы төлеу

АӨСБС-ға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Бұл ретте төлемақы мөлшерлемесі әкімшілік-аумақтық бірлікке байланысты саралаумен мөлшерлемелерді төмендетумен белгіленген (105434 БСК) 2024ж.

- астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында – 100 АЕК (369 200 теңге);

- басқа да қалалар мен кенттерде – 60 АЕК (221 520 теңге);

- ауылдық елді мекендерде – 20 АЕК (73 840 теңге).

Төлемақы төлеу ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жүргізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив