KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Тінтудің мақсаты - қылмыстың іздері мен құралдарын табу

Фото: egemen.kz

26.09.2024, 17:15 361 Айжанат Бақытқызы

Тінтудің мақсаты - қылмыстың іздері мен құралдарын табу, ұрланған және қылмыстық жолмен алынған құндылықтарды табу болып табылады.

Қылмыстарды тергеу кезінде тінту жүргізу қажеттілігі жиі туындайды. Қылмыстық істердің көптеген категориясы тінтусіз ашылмауы да мүмкін.

Тергеу кезінде тінтуді  қажет ететін қылмыстық істердің категорияларын нақты анықтауға болады. Оны әрбір жеке қылмыстық іс бойынша тергеушінің, анықтаушының өзі шешуі тиіс.

Тінтуді жүргізу өте күрделі, әрі қиын болып табылатын тек ерекше жағдайларда ғана  тінтудің жағымды нәтижелеріне жету асап қиындықсыз болуы мүмкін. Қылмыстық элементтердің қулығына жасырын заттай дәлелдемелерді барлық жерден таба алатын тергеу қызметкерлерінің ептілігі қарсы қойылуы тиіс. Сондықтан да , көптеген авторлардың тінту өнері жайлы айтып, оның қиындықтары мен ерекшеліктерін атап көрсетуі бекер емес. Тінтудің нәтижелігі тінту жүргізетін тұлғаның криминалистиканы білуіне, оның правктикалық дайындығына, бүкіл операцияның жоспарлауына , тергеушінің жеке қасиеттері мен ептілігіне байланысты болып келеді.

Тінту негізінде ізденетін объектілер жасырылуы мүмкін, учаскенің бәрін толық қарап, ол объектілердің орналасқан жерін сипаттайтын барлық белгілерге, соның ішінде, кішігірім ерекшеліктерге көңіл бөлген жөн.  Тінту кезінде айыптаушының жеке өмірін немесе қызметін сипаттайтын құжаттары мен іс қағаздарына көңіл аудару керек. Себебі , осы құжаттармен айыптаушының мінез-құлқын, әдістерін, оның жақындарының сипаттаануын, олармен қарым-қатынасын, және тағы басқа жағдайларын анықтауға болады.

Сонымен қатар, тінту кезінде осы қылмыстық іске қатысы жоқ, бірақ басқаа қылмыстарды сипаттайтын заттар м ен іздерді аеықтауға болады.

Тінтудің, сонымен қатар , қылмыскерлерді іестіруде де маңызы өте зор.

Нәтижелі жүргізілген тінту тергеудің ондағы жағдайына әсер етеді.  Көп жағдайда тінту кезінде табылған заттай дәлелдемелер қылмыскерді толығымен әшкерлеуге көмектеседі. Кей жағдайда тінту қылмысты сипаттайтын дәлелдемелерді жалғыз құралы мүмкін.

Алдын ала тергеу және анықтама органдарының тәжірибесі көрсткендей, қылмыскелер көп жағдайда, өздерінің қылмысқа қатыстылығын сипаттайтын іздерді жойып, жалған алиби жасап тергеуді теріс жолға түсіруге тырысады. Олар өз киімдерін қаннан жөне кірден тазартып, әшкерлейтін құжаттар мен заттарды жасырады. Сонымен бірге,қылмыстың іздерін жоюда, оларға басқа адамдар , тіпті қылмысқа қатысы жоқ достары мен жақын туыстары көмектесуі мүмкін.

Қылмыскердің жасырынатын жері етінде, сонымен қатар, әр түрлі құрылыстар, күдік тудырмайтын жерлер болуы мүмкін. Жасырынып, тергеуден қашып жүрген қылмыскер, әдетте, әр түрлі жасырын хат жазу арқылы және басқа да жолдармен байланыс орнатуда тырысады. Жасырынып жүрген қылмыскерді табу үшін, іске маңызы бар заттар мен мәліметтерді  алу үшін тергеу және зат алу тергеу әрекетіне жүгінеді. Тінтудің мақсаты, қылмыстық құралдар мен іздерін алу, ұрланған және заңсыз алынған құндылықтарды анықтау, қылмыскерлің тұлғасын сипаттайтын және оның орналасқан жерін анықтайтын құжаттық мәліметтерді алу болып табылатын тергеу әрекеті. Іс бойынша маңызды заттарды іздестіру мен алу мақсатында тергеуші және анықтаушы тінтуді тергеудің барлық сатысында жүзеге асыруға құқылы. Мысалға, Ыстық іздер бойынша ашылған іс бойынша белгілі бір үйді немесе қылмыскерді тінту қажеттілігі туындауы мүмкін Кей жағдайда тінту қажеттілігі оқиға болған жерде қарау негізінде туындауы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда, оқиға болған жерді тексеру кезінде қаралған аумақта, және содан жақын маңайда іске маңызы бар заттар жасырылуы мүмкін деп тапса, ол тінту жүргізуі мүмкін.

                                                                                                                                                          А.Куашпаева

                                                                                                          Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу                                                                                                                    сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы                                                                                    

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив