KZ
Өскемен
переменная облачность жел 9 м/с, ОШ
496.71 531.33 5.55

Валюталық бақылау

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 16:15 37 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті СЭҚ қатысушыларының назарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кірістер органдарына құзыреті шегінде валюталық бақылау функциясы берілгенін жеткізеді. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" ҚР 2018 жылғы 02 шілдедегі №167-VI тиісті Заңына өзгерістер енгізілді.

Осы заңдарды іске асыру үшін жаңа редакцияда экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары бірлесіп бекітілді (ҚРҰБ Басқармасының 29.09.2023 жылғы № 78 қаулысы және ҚР ҚМ 04.10.2023 жылғы № 1054 бұйрығы).

Егер шарттың сомасы баламасында 50 000 мың АҚШ долларынан асатын болса, экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт есептік тіркеуге жатады. Егер валюталық шартта жасалған күні шарттың сомасы көрсетілмесе, онда мұндай шарт есептік тіркеуге жататын шарт ретінде қаралады.

Экспортаушы немесе импортаушы Тараптардың кез келгенінің экспорты немесе импорты бойынша валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау басталғанға дейін оған қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банкке есептік нөмірді алуға өтініш жасайды.

Егер Тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайлар туындаса, экспорттаушы немесе импорттаушы ақпаратты және растайтын құжаттарды (бар болса) есептік тіркеу банкіне ұсынады.

Экспорт немесе импорт бойынша ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау уәкілетті банктердегі банк шоттарына аударуды білдіреді:

- экспорттан ұлттық және (немесе) шетел валютасындағы түсімдер;

- бейрезидент міндеттемелерін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайларда, резидент импорт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін бейрезидент пайдасына аударған ұлттық және (немесе) шетел валютасы.

Резидент репатриациялау талабын орындайтын мерзім Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт тараптарының міндеттемелерін орындау шарттарын негізге ала отырып айқындалады.

Егер репатриациялау мерзімі өткен, ал бейрезидент валюталық шарт бойынша орындамаған міндеттемелердің сомасы баламасында 50 000 АҚШ долларынан асқан жағдайда, материалдар «ҚР ҚК валюталық құндылықтарын Қазақстан Республикасынан заңсыз әкету, жіберу және аудару» 235-1-бабы бойынша іс қозғау туралы мәселені қарау үшін жіберіледі. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған кезде Департамент ҚР ӘҚБтК-нің «Ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау» 251-бабы бойынша әкімшілік іс қозғайды және оны қарау үшін сотқа жібереді. ҚР ӘҚБтК-нің.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу