ШҚО-да полиция қызметкері сотталды
Фото: bangkokbook
Риддер қаласындағы полиция бөлімінің қызметкері пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалды.
«Риддер ПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары болған Ш есімді азамат 2022 жылдың желтоқсанында тіркелген қылмыстық істерді тоқтатқаны үшін Е есімді азаматтан 250 000 теңге мөлшерінде пара алған», – деп мәлімдеді Риддер қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот полиция қызметкерін кінәлі деп танып, капитан атағынан айырып, 7 500 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ айыпталушы енді өмір бойы мемлекеттік қызметке орналаса алмайды.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.