KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
489.36 533.45 4.99

Ұлттық ұланда бос орындар жәрмеңкесі өтті

20.11.2023, 15:09 184 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға елуден астам жұмыс іздеуші қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өңірлік қолбасшылықтың басқарма мамандары жұмыс іздеушілерге әскери қызметке тұру барысы және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

– Әскери қызметке лайықты тұлғаларды тарту – біздің негізгі мақсатымыз. Сол үшін ниет білдірушілермен кең сұхбат құрып, олардың талапқа қаншалық сай екендіктерін байқап көрдік, – дейді іс-шара ұйымдастырылған 5518 әскери бөлімі штаб бастығының аға көмекшісі, аға сержант Серікболат Дәлелханов.


Жауапты қызметке орналассам деп келген азаматтың бірі – Алексей Дегтяров. Абай облысы Үржар ауданының тумасы. Өскеменде еңбек етуді ойға алған азамат алғашында жиһаз цехына жұмысқа кірген. Кейін жұмыс тұрақсыз болғандықтан шығып кеткен көрінеді. Енді Ұлттық ұлан қатарында сап түзеуді мақсат еткен.

– Бұл жерде жалақы тұрақты. Сондай-ақ түрлі сыйақы қарастырылғанын білдім. Әскери қызметшілерді тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етеді. Ал тұрғын үйге мұқтаж жандар үшін әртүрлі әскери бағдарламаларда жыл сайын жүзеге асып жатыр, – дейді Алексей Дегтяров.

Ол алдағы уақытта 3477 әскери бөлімінде қызмет атқарамақ. Жеке пікір алмасу кезінде осындай шешімге келген көрінеді.

Іс-шара барысында арнайы сауаланама жүргізіліп, әскери қызметтің қыр-сыры баяндалды. Қызметке орналасу үшін қандай құжат қажет екені айтылды. Енді бос орындар жәрмеңкесі желтоқсан айында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив