ШҚО-ның 137 мыңнан астам тұрғынының зейнетақысы артты
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалы
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы директорының орынбасары Айжан Ағыбаеваның айтуынша, ШҚО-да 137 482 зейнеткердің зейнетақысы жоғарылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес базалық зейнетақыны 7%-ға, ынтымақты зейнетақыны 9%-ға арттыру көзделген.
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1, 2 және 3-ші бала туылған кезде төленетін біржолғы жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге дейін, төртінші және одан да көп балаға - 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін ұлғайды.
I топтағы мүгедек адамдарға берілетін жәрдемақы 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге дейін, II топтағы жәрдемақы – 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге дейін, III топтағы жәрдемақы – 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін ұлғайды. Бұдан басқа, мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 7% - ға өсті.
«Облыс бойынша 19 784 мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушының, 8 731 асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушының, 18 478 арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушының,
1 755 - баласы 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы алушының, сондай-ақ 7 973 көпбалалы отбасы, 3 769 «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталған көпбалалы аналардың жәрдемақылары артады»,- деді Айжан Ағыбаева.
Ол сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің 26 түрі бойынша өтінімді онлайн тапсыруға болатынын еске салды. Ол үшін «Мобильді азаматтар» базасында телефон нөмірін тіркеу қажет.