KZ
Өскемен
-22°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
522.42 543.89 5.28

Еліміздегі ақылы жолдардың тарифтері көтеріледі

Фото: gov.kz

16.02.2024, 11:17 168 Ынтымақ Толқын

Қазақстанда ақылы жолдар қымбаттамақ. 
Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Сенат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.


Министрдің айтуынша елдегі ақылы жолдардың бағасы 2013 жылдан бері өзгермеген. 

-Тарифті көтеруді жоспарлап отырмыз. Неге екенін түсіндіріп кетейін. 2013 жылдан бері тариф 11 жыл бойы өзгермеген, былтыр 20 пайызға өскен. Біздің тарифтерді көршілес Ресеймен салыстырып көрейік, егер Қазақстанда тариф 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде ұлттық валютамызға аударғанда - 7 теңге. Жолдар сапалы болуы үшін арнайы техникалық қызмет көрсету, жөндеу керек. Халық бұл шығындар салық төлеушілер есебінен болғанын қаламайды. Сол себепті эалғыз жол – тарифтерді  көтеру, -деді ол.

Көлік министрі ақылы жолдардың тарифі көтерілгенімен, қатты қымбаттамайтынын айтты. 

-Тарифті екі-үш есеге көтеру туралы да ұсыныстар болды. Алайда баға олай көтерілмейді. Бірақ, белгілі мөлшерде пайыз қосылады, -деді министр.

Ақылы жолдардың бағасын халық пікіріне құлақ аса отырып бекітпек. Тарифтер туралы талқылау наурыз айында басталады деп жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу