Алтайда қатты суықтан судағы құстар қатып қалған
Соңғы бір аптаға жалғасқан қатты аяз жалпақ жұртты біраз әбігерге салды. Жолдар жабылып, малшы қауымның жағдайы күрделене түсті.
Ақпанның ақ боранынан соң келген қатты аяз адам түгілі даладағы аң мен құсты үсітіп тастаған. Әлеуметтік желіде құстардың мұз үстіне қатып қалған видеосы тарады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Қытайдағы Алтай аймағында аяз болуда. Әсіресе қазақтар көп тұратын Көктоғай ауданындағы аяз 45-50 градусқа дейін жетіп, өзен-көлде құстардың қатып қалған видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті, – деп жазды Facebook желісін қолданушы Асхат Қасенғали.
Оқи отырыңыз