KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 5 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

Өскемен: Ақпанда 200 мың текше метр қар шығарылды

26.02.2024, 11:32 113 Оразай Жеңісұлы

Шығыс өңірінде ақпан айы жауын-шашынды болды. Қазгидромет мамандары 15-16 ақпанда айлық норманың 42 пайызы түскенін хабарлады. Облыс орталығында тұрақты қар жамылғысының биіктігі 30 сантиметрден асты. Күні кеше, 24 ақпанда да, толассыз қар жауғаны белгілі.

Сондықтан Өскемен қаласының коммуналдық қызмет өкілдері күшейтілген режимде тәулік бойы тыным таппай жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қалың қардың салдарын жоюға 200-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған, сондай-ақ 100-ден астам техника іске қосылды. Қаланың көлік және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымындағы жұмыстар үзіліссіз жүріп жатыр. Бұл іске баса мән берілетінін айта кеткен жөн.

Қала көшелерін тазалауға кәсіпкерлер де жұмыла кіріскен. Жалпы, ақпан айының басынан бері 180-200 мың текше метр қар шығарылды.

Коммуналдық қызмет өкілдері қазір қардың қалың түсуіне байланысты қаланың орталық көшелерін күреп үлгермей жатыр. Алдағы уақытта шеткері аудандардың да көшелері қардан тазарады, жұмыс өнімді болу үшін мұндағы қосалқы мердігерлердің саны көбейтілді.

Айта кетейік, «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС мына аудандарға қызмет көрсетеді: Шмелев лог, Бабкина Мельница, Жаңа Согра, Ескі Согра, Өскемен-Тарханка жолы; Абай даңғылы (Гавань ауданындағы ЖМҚС-дан қала сыртына дейін).

Диспетчерлік қызмет телефоны: 8-771-447-12-62.

«Ремдор» ЖШС: Тоғас көшесі, Жаңа Ахмер, Новоявленка, Прудхоз, «Металлург 5» өткелі (№54 автобус бағыты бойынша).

Диспетчерлік қызмет телефоны: 8-777-994-75-70.

«Радрин» ЖШС: Защита, Айналма тас жол, Загородный кенті.

Учаскедегі маманның телефоны: 8-747-269-39-11 (Ратмир)

«VK Stroi» ЖШС: Меновное, «Радуга» өткелі (№53 автобус бағыты бойынша), Өскемен-Алматы жолы (Базовая көшесінің бұрылысынан қала сыртына дейін); Жаңа Ахмер, 22 және 23-ші шағын аудан жолдары (Кокорин, Дробышев, Журба, Такежанов көшелері).

Учаскедегі маманның телефоны: 8-705-411-18-39 (Ринат)

«Алеубаев Алмат» ЖК: Толстой к., Красин к., Лесхоз жолы.

Басшысының телефоны 8-776-755-75-65 (Алмат) .

«Антропов Д.П.» ЖК: Ново-Троицкое.

Директорының телефоны 8-777-377-78-67.

«Арт-Строй» ЖК: Самсонов елді мекені, Үлбі кенті, Өскемен-Тарғын-Самар жолы (қала сыртына дейін).

Басшысының телефоны 8-775-53-21-415.

Қаланың өзге аудандарының тұрғындары бірыңғай диспетчерлік бөлмеге хабарласа алады: 8-777-331-85-36, 53-25-77.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив