KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Элиталы әскер қатарына іріктеу басталды

Фото: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі

1.03.2024, 13:22 132

Биылғы 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі (МКҚ) өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді. 
Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: жасы 18-27 аралығында, бойы 180-195 см аралағында, білімі орта білімнен төмен емес, денсаулығы мықты болуы болуы керек. Білімі жоғары, спортта жетістіктері мен разряды бар үміткерлерге басымдық беріледі. деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Мемлекеттік күзет қызметінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына өткен азаматтар мерзімді қызметін Астана мен Алматы қалаларындағы 0112, 0111 әскери бөлімдерінде атқарады. Аталған сарбаздар ел Президентінің және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қорғау, рәсімдік және хаттамалық іс-шараларға қатысу, Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңба эталондарын күзету секілді айрықша міндеттерді атқарады.
Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет атқару барысында жас сарбаздар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен әскери іске үйренеді, жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында әскери мамандықтарды меңгереді. Оларды әрі қарай мәнсап жолында өсуге мүмкіндігі бар. Мерзімді қызмет аяқталған соң қалауы бойынша келісімшарт негізінде әскери қызметті жалғастыра алады. Одан әрі арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері ретінде күзетілетін адамдар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін атқара алады.
МКҚ мерзімді қызмет сарбаздарына еліміздегі мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады.
Қосымша сұрақтар бойынша +7 776 800 27 28 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив