KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

«Жұлдызды жауынды» қашан тамашалаймыз?

Фото: news.myseldon.com

4.03.2024, 18:00 126 Ынтымақ Толқын

Қазақстандықтар алдағы айларда аспан әлемінің екі бірдей ерекше құбылысына куә болмақ. Болжам бойынша 22-23 сәуірде лирид метеорлық жауыны болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жұлдызды жауынның негізгі көзі c/1861 G1 (Тэтчер) кометасы болмақ. Мамандардың айтуынша, ерекше құбылыстың ағыны көп болмайды, сағатына небәрі 18 метеор ағады деп болжануда. Алайда бұл аспан әлеміне қызыққандардың жұлдызды жауынды көруіне еш кедергі емес. Лира шоқжұлдызының қасынан өтетін метеор жарық болидтермен қазақстандықтардың көзайымына айналмақ. Алайда бұл метеорлы жауын айдың дәл толысқан шағына тура келетіндіктен ай жарығы аспан шоуының әсемдігіне кедергі болуы мүмкін. 

Жалпы лиридтер адамдар байқаған ең көне метеорлық ағындардың бірі. Бұл туралы алғашқы мәліметтер біздің дәуірімізге дейінгі 687 жылдан басталады. Сол уақыттан қытайлықтар назар аударып, таңданып, "жұлдыздар жаңбыр сияқты құлады"деп жазған . Сол кездері метеорлы жауын-шашынның ағыны әлдеқайда қарқынды болған.

Ел тұрғындарының тамашалай алатын тағы бір жұлдызды жауыны 5-6 мамырда болады деп күтілуде. Эта Акваридалар деп аталатын метеор ағыны өте әсерлі болмақ. Себебі, оның қарқыны сағатына 10-нан 50 метеорға дейін жетеді деп күтілуде. Оның үстіне бұл уақытта ай жарығы керемет құбылысты тамашалауға еш кедергі болмайтын көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив