Мемлекеттік инспектор болу үлкен жауапкершілікті жүктейді (видео)
Өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін реттеу мемлекеттік деңгейде қаралатын маңызды мәселелердің бірі. Оған елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы Ұлттық марапаты тағайындалғаны дәлел. Осындай күрделі қызметтің басында ер-азаматтармен бірге жүрген нәзік жандылар да бар.
Тұтынушылар пайдаланатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде қоғамға үлкен үлес қосып жүрген білікті маман, Шығыс Қазақстан облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Гүлжан Қондыбаевамен халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында жолығып, мемлекеттік инспектордың қызықты қызметі туралы айтып беруін өтінген едік.