Корей геологтары Қазақстанда құны 15,7 миллиард доллар болатын литий кен орнын тапты
Сурет: pixabay
Корей геологтары Қазақстанда құны 15,7 миллиард доллар болатын литий кен орнын тапты. Korea Times-тың хабарлауынша, зерттеу Шығыс Қазақстан облысында жүргізілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.
Геоғылымдар және минералдық ресурстар институты ғалымдары тапқан кен орнының аумағы 1,6 шаршы шақырым.
Бұрын бұл жерде тантал өндірілген екен. Ел үкіметінің тапсырысы бойынша жұмыс өткен жылдың мамыр айында басталған. «KIGAM» келесі жылы литий өндіруді бастау үшін аймақта бұрғылау құқығына өтініш беруді жоспарлап отыр.