KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Алтын бағасы соңғы екі жылдағы рекордқа қымбаттады

5.04.2024, 21:37 167 Айжанат Бақытқызы

Алтын бағасы Украинадағы әскери қақтығыс басталғалы бері ең жоғары деңгейге көтерілді, деп хабарлайды  Altainews.kz сайты Naryk.kz-қа сайтына сілтеме жасап.

3 сәуірде алтынның бір граммының құны 32 583,3 теңге болып бекітілді. Бұл өткен күнмен салыстырғанда 2,8% немесе 896,9 теңгеге артық. Қазіргі мән 2022 жылдың наурыз айының ортасынан бергі, яғни Украинадағы әскери қақтығыс басталғаннан бері ең жоғары.

Алтын наурыз айының басынан бері тоқтаусыз қымбаттап келеді. Жалпы, өткен айдың қорытындысы бойынша бағалы металдың бір граммы 7,6% (2,3 мың теңге) қымбаттады.

Сондай-ақ, бүгін Нью-Йорктегі Comex биржасында алтынның спот бағасының да, бағалы металдың фьючерстерінің биржалық бағасының да рекордтары жаңартылды.

Инвесторлардың инфляцияның өсуіне және геосаяси шиеленістерге қатысты алаңдаушылықтары аясында алтын қымбаттап жатыр. Қымбат металл әдетте қорғаныс құралы ретінде қолданылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив