Никольск елді мекенінде қауіп сейілді – ШҚО
бейнежазбадан алынған кадр
Күннің күрт жылынуына байланысты Алтай ауданындағы Никольск ауылдық округінің аумағымен өтетін Бухтарминка өзенінің деңгейі көтерілген.
Су тасқынының алдын алу шаралары дер кезінде жүргізілді. Соның нәтижесінде су деңгейі төмендеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
"Қазір жағдай бақылауда. Оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейіне мониторинг жүргізілуде", - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.
Ауылдық округ аумағындағы 20 су өткізу құрылысы, 4 көпір тазартылды.
Оқи отырыңыз