KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

ШҚО: Қараөткелде бөгет салынып жатыр

9.04.2024, 16:09 116 Нұржан Кенжеұлы

Самар ауданының әкімі Нұрлан Махамбетовтың төралығымен аудандық су тасқынына қарсы штабтың отырысы өтті.

Аудан әкімдігінен хабарлағандай, жиында қауіпті учаскелердегі жағдай талқыланып, аймақтағы апаттың алдын алуға бағытталған жұмыстар жайы сөз болды. Әсіресе, тасқыннан келер қауіп күшейген жағдайда адамдарды эвакуациялау мәселесіне айрықша мән берілді. Сонымен бірге, аудандағы гидротехникалық құрылыстарды тәулік бойы күзету аса маңызды екені айтылды. Айта кетейік, қазір Самар ауданындағы барлық алты гидротехникалық құрылыстағы жағдай тұрақты, су деңгейі қалыпты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жиында, сондай-ақ, Қараөткел ауылында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды. Бүгінде аталмыш елді мекенде тасқынға тосқын боларлық біршама шаруа атқарылған. Атап айтсақ, ауыл шетінде бөгеттер салынуда.

– Енді еріген қар суы ауылдың шетімен айналып өтіп, өзенге құяды. Қазір ауылға апарар жол жөнделіп, қатынас қалпына келтірілді, – деп хабарлайды аудан әкімдігінен.

Тағы бір айта кетер жайт, ауданда төрт эвакуациялық пункт ашылған. Олар:

– №1 Самар орта мектебі, Самар ауылы, Бейбітшілік көшесі, 14;

– Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі, Самар ауылы, Горохов көшесі, 55.

– Самар агротехникалық колледжі, Самар ауылы, Горохов көшесі, 70.

– Миролюбовка орта мектебі, Миролюбовка ауылы, Асламов көшесі, 43.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив