Биыл жануарларға қатысты көлік апатының кесірінен адам өлімі 7 пайызға өсті
Биыл жануарларға қатысты көлік апатынан қаза табатын ададардың саны 7 пайызға өсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасай отырып.
Жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне қараусыз жайылып жүрген жануарлар себеп болған.
- Тек осы жылдың өзінде жануарларға қатысты жол–көлік оқиғаларының саны 9 пайызға (100-ден 109-ға), оның салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 7 пайызға (29-дан 31-ға), жарақаттанған адамдардың саны 18 пайызға (133-тен 157-ге) өсті», - деді Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Сағат Мадиев.
Оқи отырыңыз