ШҚО: Отандық өнім экспортқа жол тартты
Өңірімізде шағын өнеркәсіпті дамытып отырған аудандардың бірі – Зайсан. Зайсандық кәсіпкердің ұлттық өнімі ішкі нарықта сатылым айналымын арттырып, экспортқа шыға бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жалпы өңірлік нарықты бағындырған өз өнімдерімізді экспортқа шығарып, отандық тауарлар өндірісіне қолдау көрсету мемлекеттің басты бағыттарының біріне айналып отыр. Экспорттық межені бағындырған зайсандық «Қабыл Агро» ЖШС-нің табиғи, таза өнімдері Қытайда сатыла бастады.
Айта кетейік, «Қабыл Агро» ЖШС 2018 жылдан бері табиғи таза өнімнен балаларға арналған тағамдардан бастап, дәрумендерге бай тары, талқан мен таңғы астың түр-түрін шығарады.