Баспана кезегінде тұрғандар деректерін өзектендіру қажет
Фото: dom.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі биылғы 30 маусымға дейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана кезегінде тұрғандардың тізімін өзектендіру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осыған орай Бірыңғай ұлттық күту жүйесінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес сәйкессіздіктер анықталған жағдайда SMS хабарламалар жіберіледі.
Анықтама телефоны: 74-14-53 немесе Тургенев көшесі, 30, 104 кабинетке сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сейсенбі, бейсенбі күндері ақпарат алуға болады.
Оқи отырыңыз