Мұзтау бейнесі Өскеменнің көркін ашты
Өскемендегі көпқабатты үйлердің біріне Мұзтау бейнеленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс орталығында биыл бес бірдей жаңа мұрал пайда болды. Соңғы болып 45-гастраномдағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Әмре Қашаубаев көшесіндегі Мұзтаудың бейнесі салынды.
– Дәстүр бойынша біз ел тарихы, атақты тұлғалар немесе өңіріміздің ерекшеліктері туралы баяндайтын мұралдар сериясын былтыр бастап, биыл жалғастырдық. Назарбаев даңғылында Алаш қайраткері, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының бейнесі пайда болды. Ал қашаубаев көшесінде біздің өлкеміздің көрнекті жері – Мұзтау тауын бейнеледік, – деп жазды қала әкімі Жақсылық Омар Әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, қала көшелеріндегі мұралдардың барлығын белгілі суретшілер Ержан Танаев пен Әли Зәкір салған.
Оқи отырыңыз