Аттестаттарды цифрландыру 2027 жылға дейін жалғасады
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Биыл алғаш рет негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестаттар eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қазір мобильді қосымшада биылғы түлектердің аттестаттары тұр.
Алдыңғы жылдардағы түлектердің аттестаттарын толық цифрландыру 2027 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі:
- 2024 жылы – осы жылдың түлектерінің аттестаттары;
- 2025 жылы – 2010-2023 жылдардағы түлектердің аттестаттары;
- 2026 жылы – 1991-2009 жылдардағы түлектердің аттестаттары;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап сұраныс бойынша 1991 жылға дейін берілген аттестаттар цифрлық формата қолжетімді болады.
Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру дипломдарын цифрландыру жалғасуда:
- 2024 жылы – 2004-2023 жылдары берілген дипломдар;
- 2025-2026 жылдары – 2004 жылға дейін берілген дипломдар цифрландырылады.
Бұл түлектер мен олардың отбасыларына қолайлы жағдай жасау және білім беру құжаттарына қолжетімділікті оңайлатуға бағытталған қадам.