Зайсан ауданында 150 орындық жаңа мектептің қазығы қағылды
Фото: скриншот
Зайсан ауданының Үлкен Қаратал ауылында 150 орындық жаңа мектеп салынатын жер анықталып, қазығы қағылды. Ал осы ауылдағы Қазақстан орта мектебінің санитарлық талапқа сай емес екендігі анықталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Құрылысы енді басталатын жаңа мектептің қазығын 70 жылдық мерейлі жасын туған жерінде тойлауға келген түгел түркі жұртына танымал ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Ұлықбек Есдәулетов қақты.
Осылайша Зайсан ауданы әкімшілігі жаңа мектептің қазығын танымал қаламгерге қақтырып, ақ батасын алды. Ал жергілікті білім бөлімі мектеп құрылысының қай уақытта басталып, қашан аяқталатынын Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы білетінін айтты.