KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СБ
463.77 495.49 5.31

Ұландық оқушылар тілдік лагерьлерге барып жүр

20.06.2024, 09:39 133 Анель Слямғазықызы

Ұландық оқушылар жазғы каникулдарын қызықты әрі пайдалы өткізуде. Атап айтсақ, 10 маусымнан бастап Ұлан ауданындағы 29 мектепте тілдік лагерьлер жұмыс атқарып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Көптілділікті дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында ұйымдастырылып отырған іс-шараның мақсаты – тілдік ортаға енгізу арқылы оқушыларға ауызекі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйрету. Тілдік лагерьлерге барлығы 364 бала қатысуда. Оларда этномәдениет, өлкетану, экология бағытындағы бағдарламалар бойынша да түрлі шаралар өтіп жатыр.

– Аудан бойынша 14 мектепте 164 бала қазақ тілінде, ал 16 мектепте 200 бала орыс тілінде жүргізілетін тілдік лагерьге қатысуда. Жүргізілген сабақ мазмұнына сәйкес 17 мектептің оқушылары өңірдің тарихи-өлкетану орындарына саяхаттап, ерекше әсер алып қайтты, – дейді аудандық білім бөлімінің маманы Ә. Әбішева. 

Тілдік лагерьлердің жұмысы 21 маусымда аяқталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив